«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ кондоминиум объектілеріне сервистік қызмет көрсетуге көшу мәселесіндегі түсінік жұмысын ұдайы жүргізіп отырады. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдағы өзгерістерді түсіндіру жұмысын жүргізді: жеке меншік иелерінің тұрғын үйлердегі қарапайым серіктестіктерін, бірлестіктерін құру механизмдері.
Қаладағы 673 көпқабатты тұрғын үйдің 554-і ауланы жарықтандыратын шамдармен (прожекторлармен) жарақтандырылған, 119 үй жарық шамдарымен жабдықталмаған.
Жылу энергиясын пайдалану ережесіне сәйкес, тұтынушылар (өкілетті тұлғалар – кондоминиум объектісін басқару органы, үйлерге жауапты тұлғалар) әр жылу беру маусымы алдында қабылдау-тапсыру сынақтары мен жылуды тұтыну қондырғыларын жөндеулері шарт.
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі Екібастұз қаласы әкімінің тапсырмасын орындауға қатысты жұмысты ұдайы жүргізіп отырады.
Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 352/31 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 маусымда № 6450 болып тіркелді